📅 2025 жылғы 16 шілде
📍 Қызылжар
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті мен Қазақстан және Орталық Азия тарихын зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында тараптар келесі бағыттар бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге уағдаласты:
• ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
• архивтік құжаттар мен тарихи деректерді іздестіру, жариялау;
• жас ғалымдар мен докторанттарға тағылымдамалар ұйымдастыру;
• халықаралық және республикалық деңгейдегі конференциялар мен семинарларды бірлесе өткізу;
• ғылыми мақалалар мен жинақтарды жариялау.
Құжатқа қол қою рәсіміне Қазақстан және Орталық Азия тарихын зерттеу институтының бас директоры Самат Жұматай, сондай-ақ Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ-дың басшылығы қатысты.
Шара барысында екі жақтың өкілдері академиялық серіктестікті дамытудың маңыздылығын атап өтіп, болашақта білім және ғылым саласындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге дайын екендіктерін жеткізді.
🔗 Бұл әріптестік Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тарихи зерттеулерді тереңдетуге, ұлттық мұраны зерделеуге және жас зерттеушілердің әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік береді.
