Scientific Journal “Central Asian courier”


Журнал туралы

Құрылтайшысы және баспагері: “Қазақстан және Орталық Азия тарихы институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Scientific Journal “Central Asian courier” – “Орталық Азия курьері” ғылыми журналы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Тіркеу туралы куәлік: № KZ20VPY00122471, 2025 жылғы 20 маусым.

Ғылыми журнал Қазақстандық гуманитарлық ғалымдардың әлемдік тарихи ғылыми қоғамдастықпен ықпалдасуы мен өзара іс-қимылына арналған алаң, ғалымдарға Ғаламдық цифрлық кеңістіктегі инфокоммуникацияның заманауи құралдары арқылы ғылыми ізденістердің нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік беретін ғылыми ақпарат алмасу арнасы болып табылады. Басылымның мазмұны дүниежүзілік тарих, оның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия, көрші мемлекеттер тарихына қызығушылық танытатын зерттеушілерге, ғылыми қызметкерлерге бағытталған.
Журналда тарих ғылымының келесі бағыттары бойынша ғылыми жұмыстар жарияланады: тарих,  этнология.

Ғылыми журнал Қазақстандық гуманитарлық ғалымдардың әлемдік тарихи ғылыми қоғамдастықпен ықпалдасуы мен өзара іс-қимылына арналған алаң, ғалымдарға Ғаламдық цифрлық кеңістіктегі инфокоммуникацияның заманауи құралдары арқылы ғылыми ізденістердің нәтижелерін таныстыруға мүмкіндік беретін ғылыми ақпарат алмасу арнасы болып табылады. Басылымның мазмұны дүниежүзілік тарих, оның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия, көрші мемлекеттер тарихына қызығушылық танытатын зерттеушілерге, ғылыми қызметкерлерге бағытталған.

Журналдың редакциялық саясаты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың тарихи және сабақтас зерттеулер саласындағы жаңа әзірлемелерінің нәтижелерін танымал етуге, сарапшылар мен жас ғалымдар тарапынан жарияланым қызметін өзектендіруге бағытталған.

Журналдың мақсаты – ашық ғылыми пікірталас үшін, оның ішінде шетелдік зерттеушілермен ашық ғылыми пікірталас үшін Интернет желісінде жалпыға қолжетімді жағдай жасау; кәсіби тәжірибе алмасуға және зерттеу нәтижелері мен жаңа әдістемелерді, пәнаралық тәсілдерді таратуға ықпал ету; дүниежүзілік тарих пен мемлекет және қоғам тарихы, олардың ішінде Қазақстан мен Орталық Азияның, гуманитарлық ғылымдардың тарихына қызығушылық танытатын беделді ғалымдарды, докторанттарды, ізденушілерді ғылыми нәтижелерін жариялауға ынталандыру.

Журналдың міндеттері: Scientific Journal “Central Asian courier” – “Орталық Азия курьері” ғылыми журналы зияткерлік қоғамды электрондық форматта Орталық Азия өңірі мен әлемді, халықтар мен діндерді, мемлекеттер мен қауымдастықтарды, ұлттардың мәдени мұрасын зерттеудегі жетістіктер және жаңалықтармен таныстырады. Басылым дәстүрлерді сақтауға және жас ғалымдарды қолдауға, гуманитарлық ғылымдардың жаңа тұжырымдамалары мен пәнаралық зерттеулерін ілгерілетуге, журнал беттерінде ғылымдағы түпнұсқа олжалар мен тұжырымдамалық тәсілдерді көрсетуге бағытталған.

Мақалалардың түпнұсқалығын тексеру «StrikePlagiarism» лицензиялық жүйесі арқылы, компаниямен келісімшарт негізінде жасалады.

Журнал қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, ғылыми ұжымдармен, білім және ғылым мекемелерімен ынтымақтастық үшін ашық.

Журналды шығару мерзімділігі – жылына төрт рет (электронды форматта).
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Редакцияның мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғ., 11/5.”Қазақстан және Орталық Азия тарихы институты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

тел.: +7 (776) 301-11-11 (ұялы);
+7 (775) 537-77-72 (whatsapp)

Журналдың сайты:  https://sjcacourier.com/
Е-mail: ihkca.kz@gmail.com